МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН КӨТЕРІҢКІ БАҒАМЕН САТЫП АЛУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН КӨТЕРІҢКІ БАҒАМЕН САТЫП АЛУДЫ ЖОСПАРЛАҒАН

Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізді.

Талдау барысында анықталған сатып алу бағасының медиандық бағадан асып кету фактілері бойынша облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тапсырыс берушілердің атына жоспарланған мемлекеттік сатып алудың оңтайлы бағасын қайта қарау және белгілеу ұсыныстарымен тиісті хаттар жіберіледі.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор сатып алатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге бағалардың негізсіз қымбаттауының белгілерін көрсетті.

Мәселен, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК-да дизель отынының құнын төмендету арқылы 11 753 000 теңге үнемделді. Оны сатып алу бастапқыда жалпы сомасы 56 350 000 теңгеден немесе литріне 350 теңгеден жоспарланған болатын.

Өңірдің басқа коммуналдық мемлекеттік мекемесі АИ-95 бензинінің жалпы сомасы 33 809 082 теңгеден немесе 1 литрін 170 мың теңгеден сатып алуды жоспарлаған, ал осы маркалы бензиннің 1 литріне орташа нарықтық баға - 151 теңге. Департаменттің араласуынан кейін ұйым мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Тауарды сатып алуға жоспарланған шығынның үнемделуі 3 734 563 теңгені құрады.

 «Жыл басынан бері облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуларға жүйелі түрде талдау жүргізуде. «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесінің негізгі артықшылығы жоспарлау кезеңінде онлайн режимінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндігінде жатыр. Бүгінгі таңда біз енгізген ұсыныстардан кейін сатып алуға жоспарланған тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің аса көтерілген бағасын төмендету арқылы 100 миллион теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл мәселе ерекше бақылауда», - деп атап өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Мұрат Төлеубаев.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.