ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жарты миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеді
ШҚО-да шілде айында "Бірыңғай сатып алу терезесі" жобасы аясында мемлекеттік сатып алу кезінде 120 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды.
Бұдан бұрын атап өткендей, "Бірыңғай сатып алу терезесі" ақпараттық жүйесі арқылы сатып алу мониторингі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмау бойынша жаңа алдын алу бағыттарының біріне айналды. Ресурс бизнеске нарық көлемін көруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Пандемия кезеңінде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс өзінің тиімділігін көрсетті. Өйткені, портал арқылы жоспарланған сатып алуды сұранысқа ие қызметтерге, жұмыстарға немесе тауарларға аустыруға болады.
Жалпы, 2020 жылғы ақпаннан бастап ШҚО қайта қарау нәтижелері бойынша үнемдеу сомасы 548 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын құрады, олар бюджетке қайтарылды немесе оларға өзге де сатып алулар жүргізілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаменті
[xfvalue_img]