АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА 22 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҮНЕМДЕЛДІ
Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы өңірдегі мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижелері мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор органдары сатып алатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге бағалардың негізсіз аса көтерілуінің белгілерін көрсетті.
Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі талдау барысында анықталған сатып алу бағасының медиандық бағадан асып кету фактілері бойынша тапсырыс берушілердің атына жоспарланған мемлекеттік сатып алудың оңтайлы бағасын қайта қарау және белгілеу ұсыныстарымен тиісті хаттар жіберді.
Мәселен, Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ұялы байланыс телефонын сатып алу бастапқыда 9 703 572 теңге сомаға жоспарланған, алайда Департаменттің араласуынан кейін мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу бағасын төмендетті. Тауарды сатып алуға жоспарланған шығынның үнемделуі 2 682 528 теңгені құрады.
Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы «Степногорск-водоканал» ШЖҚ МКК-да дизель отынының құнын төмендету арқылы 3 312 000 теңге үнемделді. Оны сатып алу бастапқыда 19 872 000 теңге сомаға жоспарланған.
«Айта кету керек, осы бағыттағы жұмыс ағымдағы жылдың басынан бастап жүйелі негізде жүргізіліп келеді, және біз енгізген ұсыныстардан кейін сатып алуға жоспарланған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің аса көтерілген бағасын төмендету арқылы 22,5 миллионнан астам теңге үнемделді. Бұл жүргізілетін мониторинг бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың тиімді құралы болып табылатынын көрсетеді», - деп атап өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]
24 пікір