Былтыр Қазақстанда әрбір үшінші компания кибершабуылға ұшыраған
«Касперский зертханасы»* сауалнамасының деректері бойынша, Қазақстандағы компаниялардың 31%-ы 2022 жылы кибершабуылға ұшыраған. IT-қауіпсіздік саласындағы ең жиі кездесетін оқиғалар – DDoS-шабуылдар (37%), екінші орында зиян бағдарлама жұқтыру (34%), үштікті фишинг (25%) қорытындылап тұр. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан әрбір бесінші адам шифрлаушы және бопсалаушы бағдарламаларға тап болғанын атап өткен.
Мұндай оқиғалардың басты себебі ретінде респонденттердің жартысынан көбі (53%) қызметкерлердің ақпараттық қауіпсіздік саясатына немқұрайды қарауын атап көрсеткен Сауалнамаға қатысқандардың 17%-ы киберинциденттердің кінәсі IT мәселелерінде немқұрайды немесе одан бейхабар қызметкерлер болуы мүмкін деп санайды. Тағы 15%-ы компьютерлердің жұмысын жақсарту үшін антивирус бағдарламаларын өшіру проблемасын атаған.
Алайда, киберқауіптерге адам факторы ғана себеп емес екен. Сауалнамаға қатысқандардың 38%-ы кибершабуылдардың пайда болуы бағдарламалық жасақтаманың осалдығына ықпал етеді деп есептейді. Сондай-ақ, респонденттердің 21%-ы киберқауіптердің себептеріне идеологиялық тұрғыдан негізделген белсенді хакерлердің әрекеттерін жатқызған.
«Кибершабуылдарға сыртқы қауіптер де, қызметкерлердің әрекеттері де себеп болуы мүмкін. Сондықтан компанияны қорғауға жан-жақты қарау маңызды. Ең алдымен, операциялық жүйені үнемі жаңартып отыру керек, сенімді қорғаныс шешімдерін орнату керек. Сондай-ақ, қауіпсіздік саясатының орындалуын енгізу және бақылау және қызметкерлердің цифрлық сауатына назар аударғанымыз абзал. Негізгі ережелердің қатарына қиын құпиясөздерді қолдану, пошта жүгінділері мен үшінші тараптан хат-хабар жіберушілердің сілтемелерімен жұмыс істеу кезінде зейінді болу әдеті жатады. Киберқауіпсіздік туралы білімнің дағдыға айналуы үшін біз ұйымдарға киберқауіпсіздіктер туралы хабардарлықты арттыру және оларға ден қою бойынша тренингтер өткізуді ұсынамыз», - деп түсіндірді «Касперский Зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов.
* Сауалнаманы OnIn агенттігі «Касперский Зертханасының» тапсырысымен 2022 жылғы желтоқсан — 2023 жылғы қаңтар айлары аралығында жүргізді. Оған Қазақстаннан 107-ден астам респондент қатысты. Сауалнама компаниялардың IT-мамандарына жүргізілді.
[xfvalue_img]
7 пікір