Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тек үштен бірі ғана жасанды интеллектіні қолданады — автокөлік өндірісі көш бастап тұр

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тек үштен бірі ғана жасанды интеллектіні қолданады — автокөлік өндірісі көш бастап тұр

«Касперский Зертханасы» мен VDC Research компанияларының бірлескен зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, әлемдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың небәрі 37%-ы өндірістік және операциялық үдерістерде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдану тәжірибесіне ие. Алайда алдағы екі жыл ішінде бұл көрсеткіш 44%-ға дейін өсуі мүмкін.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, өнеркәсіп саласында жасанды интеллект кеңінен таралған басқа технологиялардан кейінгі орында тұр. Мәселен, кеңейтілген аналитика, қашықтан мониторинг және киберқауіпсіздік шлюздары кәсіпорындарда әлдеқайда жиі қолданылады. Дегенмен алдағы екі жылдық перспективаларда респонденттер ЖИ енгізуге басымдық беріп отыр.

Жасанды интеллектіні қолдануда ең белсенді сала — автомобиль өнеркәсібі. Бұл саладағы респонденттердің 47%-ы ЖИ-ді қазірдің өзінде қолданып отыр, ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 74%-ға жетуі мүмкін.

«Жасанды интеллект отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарға елеулі пайда әкеледі — кейбір салаларда ЖИ енгізудің экономикалық әсері жылына миллиардтаған теңгемен өлшенеді. Көбірек сұранысқа ие бағыттардың бірі — предиктивті аналитика, яғни өндірістік жүйелердің техникалық жай-күйін алдын ала бақылау және ықтимал ақауларды ерте анықтау. Бұл әсіресе күрделі өндірістер үшін маңызды, себебі тіпті аз уақыттық тоқтап қалудың өзі үлкен шығындарға әкелуі мүмкін, — дейді „Касперский Зертханасы“ компаниясының Ресей мен ТМД елдеріндегі бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Анна Кулашова. — Сонымен қатар, өнеркәсіптік нысандар кибершабуылдар үшін негізгі нысан болып қала береді, ал ЖИ-дің енуі киберқылмыскерлердің қызығушылығын арттырып отыр. Сол себепті жаңа технологияларды енгізіп қана қоймай, оларды лайықты деңгейде қорғау да маңызды».

«Касперский Зертханасы» мен VDC Research-тің «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті арнайы шешімдер арқылы қамтамасыз ету» атты зерттеуінде автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелеріндегі (АСУ ТП) киберқауіпсіздіктің қазіргі жай-күйі, сондай-ақ әлемдегі өнеркәсіптік ұйымдарға әсер ететін негізгі технологиялық және бизнес-трендтер сараланып, туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған үздік тәжірибелер ұсынылған.

«Касперский Зертханасы» өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін мамандандырылған қорғау технологияларын сарапшылардың тәжірибесі мен білімдерімен үйлестіретін платформалық тәсілді ұсынады. Бұл тәсілдің негізгі құрамдас бөлігі — Kaspersky Industrial CyberSecurity (KICS) деп аталатын XDR-платформа. Ол инфрақұрылымның кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, инциденттерге әрекет ету, активтерді орталықтандырылған басқару, аудит және тәуекелдерді бағалау сияқты мүмкіндіктерді ұсынады. Сонымен қатар, күрделі таралған ортада қорғанысты масштабтауға жол ашады.

«Касперскоий Зертханасының»портфеліндегі тағы бір шешім — Kaspersky Machine Learning for Anomaly Detection (MLAD). Бұл түрлі өнеркәсіп салаларындағы жабдық жұмысының жасырын ақауларын анықтауға және алдын ала талдауға арналған бағдарламалық өнім.

VDC Research туралы

VDC Research — 1971 жылы негізі қаланған консалтингтік және зерттеу компаниясы. Компания бүкіл әлем бойынша технологиялық жеткізушілерге, соңғы пайдаланушыларға және инвесторларға автоматты сәйкестендіру мен бақылау, кәсіптік мобильді құрылғылар, өнеркәсіптік автоматтандыру және заттар интернетіне ендірілетін технологиялар бойынша терең сараптамалық ақпарат ұсынады.

Зерттеу VDC Research компаниясының соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіп келе жатқан өнеркәсіптік киберқауіпсіздік саласындағы зерттеулерінің, сондай-ақ энергетика, коммуналдық қызметтер, көлік, логистика және өндіріс салаларындағы әртүрлі елдерден 250-ден астам ОТ және ІТ жетекшілерінің қатысуымен жүргізілген сауалнама нәтижелерінің негізінде дайындалған.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

  1. аватар
    Jovita 18 ноября 2025 02:48

    https://www.kukharuk.ru/hallielti16196/blackcoin2011/wiki/Link+to+Download+on+i
    OS+and+Android+Devices


    https://quenly.com/@miriammccord71


    http://123.54.1.214:8418/barbraskirving/blackcoin.co7366/wiki/Safest-Online-Cas
    inos-2025%3A-Best-Online-Casinos-That-Pay-Real-Money


    https://gitea.zerova.com/rashadkenney24/6093458/wiki/WinSpirit-Casino-No-Deposi
    t-Bonus-Promo-Codes-2025


    https://jovita.com/nikibeike42831


    https://www.ooyy.com/read-blog/24948_online-pokies-bonuses-amp-guides.html


    https://git.slegeir.com/alecia93076317


    https://git.srv.ink/fvemallory2070/mallory2008/wiki/del-Lago-Resort-%26-Casino-
    Serving-Rochester-%26-Syracuse%2C-NY


    https://www.cloud.file.futurestack.cn/qpwgabriella38


    https://tv.sparktv.net/@minniefoti3151?page=about


    https://repo.telegraphyx.ru/deenadrury0625


    http://www.mmgold.top:8103/adalbertomerri/blackcoin4336/wiki/No-1-Online-Casino
    -Betting-Website-in-Malaysia


    https://gitea.pnkx.top:8/akilahgcf05253


    https://www.jokkey.com/katharinagoins


    http://gitea.danongshu.cn/karinmoorman83/6887blackcoin.co/wiki/Gonzo-Casino-No-
    Deposit-Bonus-Codes%3A-This-casino-is-the-right-one-for-you-for-many-different-
    reasons-Try-it-for-you%21


    https://git.repo.in.net/joey91b614095


    https://git.bp-web.app/tomokobehm298


    https://repo.komhumana.org/terencegsell6/blackcoin.co1985/wiki/Richard-Casino-A
    ustralia%3A-Richard-Casino-Login-%26-Sign-Up


    https://git.memosnag.com/brettrubino423


    https://yooverse.com/@gastonfeetham


    https://pleroma.cnuc.nu/bertlawler0707

    References:


    git.huixuebang.com

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.