Полицейлер СҚО жолдарында жүргізушілерге көмек көрсетуде

Полицейлер СҚО жолдарында жүргізушілерге көмек көрсетуде

Қысқы жолда тәжірбиелі жүргізушілердің өздеріне де қауіпті. Ақпанның 17-сі күн райының қолайсыздығынан «Жезқазған-Петропавл» автожолында Петропавл қаласының егде тартқан тұрғыны  «Шевроле-Нива» көлігімен кюветке кеткен.  Оны СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нарасан Әміржанов пен Қуандық Тоқбаев байқап қалады. Тік жар болғандықтан көлікті сүйреп шығару мүмкін болмады. Полицейлер өтіп бара жатқан «DAF» жүк көлігін тоқтатады. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісінде болған тростың көмегімен «Шевроле-Ниваны» жолға сүйреп шығарды.   

Бірер күн бұрын СҚО тұрғыны Insragram желісінде «Старомихайловка — Дубровное» автожолында осындай көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына алғысын білдірген. «Nissan Almera» көлігін тізгіндеген ер адам көктайғақтан рөліне ие бола алмаған. Жүргізушіге жақын маңда жүрген Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкері Әлібек Осипов пен Старомихайловка заставасының шекара қызметкерлері көмектескен.

Ал Ғ. Мүсірепов ат. аудан тұрғынының «Жезқазған — Петропавл» автожолында «ВАЗ 2107» көлігі істен шығады. Өз күшімен жөндей алмаған ол, «102» арнасына хабарласады. Оқиға орнына ППБ қызметкерлері Аслан Байтабенов пен Ержігіт Шопанов келеді. «Олар көлігімді жөндеуге көмектесіп, үйіме дейін жеткізіп салды, - деп WhatsApp мессенджерінде аудандық ПБ басшылығына жазған. Мен 1977 жылдан көлік басқарамын, бұрын-соңды мұндай жағдайда қалмаппын. Полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін және мықты денсаулық, еңбектеріне табыс тілеймін деген».   

СҚО ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы полиция подполковнигі Сабыржан Оспановтың сөзінше, қызметкерлер кезекшілікке түсер алдында жолда қалған адамдарға көмек көрсету тапсырамасын алады.  Бұл әсіресе, климаты құбылмалы Солтүстік Қазақстан өңірінде өзекті. Түк көрінбейтін боранды, көктайғақ күндері, жолдарды қар алып қалған жағдайда сапарға шыққан жүргізушілерге оңай соқпайды. Полицейлер алыс сапарға қамданып, ауа райы болжамдарын, жол қызметтерінің хабарламаларын қарап, жоспарлап шығуға кеңес береді. Сондай-ақ, жолға шығар алдында көліктерінің техникалық жағдайын тексерген жөн дейді.   

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.