Петропавл полицейлері қала тұрғынына ұрланған велосипедін үш сағаттың ішінде тауып берді
27 жастағы Петропавл тұрғыны жұмысына бару және қаладағы басқа да өз шаруалары бойынша велосипедімен қозғалып жүрген. 16 қыркүйекте ол Шухов көшесіндегі жатақхананың подъезінде қос доңғалақты көлігін қалдырып, жарты сағатқа ата-анасына барады. Шыққан бойда көлігінің жоғалғанын байқап, бірден жақын маңдағы учаскелік полиция пунктіне хабарлайды. Ұрланған көлікті іздеуге Бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері жұмылдырылды. Үш сағаттың ішінде велосипед табылып, иесіне қайтарылды. «Маған полицейлер хабарласып, көлігімнің табылғанын айтты. Жылдам тауып берді. Велосипед – қалада жүріп-тұратын көлігім. Мен үшін өте маңызды», - дейді Михаил Савенков.
«Ұрлық жасауда күдікті Петропавл қаласының 54 жастағы тұрғыны ұсталды. Велосипед оның жертөлесінен табылды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - дейді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тілеген Әлжанов.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]