2021 жылы 27 қазан «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясы» құрылды.
Аталған іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің Басқарма басшысы Мақсат Бекболатұлы Мажитов, «Qazaqstan» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай, «Отандастар Қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов пен отандық және шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысды.
«Бүгінгі іс-шараға қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Барлық шетелде шығатын қазақ тілді ақпарат құралдарының ортақ алаңын қалыптастру жұмысы аясында сайт ашу және жас мамандарды, дайындау және басқа да ұсыныстар берілді. Осы мәселелер бойынша жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі ассоциацияның құрылу мақсаты шетелдегі қазақ тілін сақтап қалу», - дейді Нұртөре Байтілесұлы.
Кездесу барысында «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» ережесі таныстырылып, бекітілді. Ассоциация төрағасы болып Нұртөре Жүсіп сайланды. Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
«Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарының үздік материалдары енген жинақ шығару, қазақ тілді жас журналистер арасында конкурстар өткізу, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы байқауға шетелдегі қазақ тілді басылымдар мен журналистерді қатыстыру жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ жылына бір рет ассоциация өкілдерінің бас қосуы ұйымдастырылады», - дейді Мағауия Қанапияұлы.
Қосымша бүгінде жалпы 88 қазақ тілді БАҚ пен қандастарымыз қолданатын әлеуметтік желідегі топтардың дерекқор базасы жасалды.
Байланыс үшін: 8-775-375-85-92 (Аян), 87014703033 (Мұхтар), +7 708 631 1796 (Нұрымжан)
[xfvalue_img]