Сотта мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері талқыланды.
№2 Алматы аудандық сотының бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі істер басқармасының ғимаратында Жоғарғы және аудандық соттардың, құқық қорғау органдарының, прокуратура, адвокатура өкілдерінің қатысуымен сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік тілді қолданудың мәселелерін талқылауға қатысты дөңгелек үстел өтті.
Жоғарғы Соттың «Ақпараттық қамтамасыз ету» бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Қарағойшина «Сот жүйесіндегі қазақ тілінің жай күйі» атты тақырыпта баяндамамен сөз сөйлеп, сот жүйесіндегі қазақ тілін қолданудың деңгейін бағалады, сондай-ақ өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын ортаға салды.
Аудандық сот судьясы Убайдолла Қошанов сөз сөйлей келе, сотқа дейінгі өндіріс барысында мемлекеттік тілді қолдану мәселелерін айта келе, процессуалды құжаттарды дайындауда қазақ тілін қолданудың ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін атап өтті.
Төраға міндетін атқарушы судья Айгүл Жамансариева кездесудің қатысушыларына алғысын білдіріп, мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге қатысты ұсыныстарын жеткізді және қатысушыларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қазақ тіліндегі құжаттарының сапасын арттыру жұмысын қолға алуға шақырды.
Семинарға қатысушылар методикалық әдістемелердің, сөздіктердің және құжаттар үлгілерін процестік тілде әзірленуіне ат салысуға дайындықтарын жеткізіп, бас қосудың ұсынымдарын толықтай жүзеге асыру сенімімен тарасты.
[xfvalue_img]