ҚХА ДЕПУТАТТЫҚ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ АССАМБЛЕЯНЫҢ «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ағымдағы жылғы 18 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының мүшелері – ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділерімен кездесуі өтті.
Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының, жастар ұйымдарының өкілдері, жастар саясаты саласындағы шақырылған сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және т.б. қатысты.
Іс-шара жастар қоғамдастығын дамытудың өзекті бағыттары бойынша сараптамалық диалог алаңын құру, жастар бастамаларын қолдау бойынша нақты тетіктерді әзірлеу, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының белсенді жастар көшбасшыларына тәлімгерлік институтын дамыту мақсатында өткізілді.
Сараптамалық кездесу барысында қатысушылар жастар саясаты саласындағы өзекті үрдістерді, жастар бастамаларын қолдау және ілгерілету бойынша ұсыныстарды, жастар ұйымдарының қызметін контенттік толықтыруды, шығармашыл жастарды, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі жастарды қолдауды, экономика секторларын дамыту бойынша креативті тәсілді талқылады.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
[xfvalue_img]