Бірнеше мәрте велосипед ұрлаған ер адам ұсталды

Бірнеше мәрте велосипед ұрлаған ер адам ұсталды

Тараз қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бірнеше мәрте велосипед ұрлығын жасаған облыс орталығының  тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері күдіктінің бес велосипед ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (бірнеше мәрте жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті түнгі уақытта велосипедтерді көп қабатты үйлердің кіреберістерінен және жеке меншік секторлардың ауласынан ұрлаған. Қауіпсіздік мақсатында велосипед иелерінің бірінші кезекте көлік құралының дөңгелектерін бұғаттайтын икемді бекіткіш құрылғылары болуы қажет, ал ондай жағдайда қаскүнемнің велосипедті иыққа салып әкетуі екіталай.

Велосипед дөңгелегін бұғаттаудың басқа тиімді шарасы – оны ағаш, шам бағанасы, қоршау сияқты қозғалмайтын заттарға байлап бекіту. Ұрыны ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне велосипедті уақтылы тиісті есепке қою иесінің ұялы телефон нөмірі немесе басқа белгілер түріндегі жазу да тиімді көмек болып табылады. Жамбыл облысының Полиция департаменті велосипедтерді, олардың қосалқы бөлшектерін сатып алу және сату орындарының иелерін көрінеу қылмыстық жолмен алынған мүліктерді сатып алғаны және сатқаны үшін ҚР ҚК-нің 196-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жазасы қарастырылатыны туралы ескертеді.

Аталған құқық бұзушылыққа қатысты мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

46 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.