Нұр-Сұлтан қ. полиция қызметкерлері велосипед ұрлығын жасаған күдіктілерді ұстады.
Жазғы мезгілде елорда тұрғындары мен қонақтары көбінесе велосипедпен жүруді қалайды. Алайда бұл көлікті қаскөйлер де көздейді. Сараптама негізінде, әсіресе түнгі мезгілде үйлердің кіреберісінен, ауладан велосипед ұрлығы көп тіркеледі. Қолды қылған велосипедтерді арзан бағамен немесе басқа қалаға әкетіп жатқандар да бар.
Елордалық полицейлер жылдың басынан бері 42 күдікті ұстап, 70-жуық велоұрлығын ашты.
15 шілдеде тез арада 3 күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабы («ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Сонымен қатар, ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.
Егер осы күдіктілердің әрекетінен зардап шеккендер болса, Нұр-Сұлтан қ.ПД (Бейбітшілік,19) , мына телефондар 8 (7172) 71-60-28; 71-60-69, немесе «102» хабарласуды сұраймыз.
– Азаматтар мүліктің сақталуына жіті назар аударған жөн. Екі аяқты көліктерін арнайы қондырғымен бекітіп қойғандары абзал.
Нұр-Сұлтан қ. Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]