Жамбыл полицейлері үш күн ішінде мемлекет кірісіне 22,5 миллионнан астам теңге өндіріп алды
2020 жылғы 9-11 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының аумағында "Борышкер-2020" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, оның басты міндеті салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету болып табылады.
Жолдардағы рейдтер кезінде полиция қызметкерлері арнайы автокөліктерде орнатылған "Автоураган" жүйелерінің көмегімен тиісті деректер базасы бойынша жүргізушілерді тексерді. Көлік құралын қамауға алыну туралы анықталған жағдайда, автокөлік айып тұраққа қамалды.
Қасақана төлемеушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісі мен атқару құжатын орындамау) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлермен 1327 борышкерлердің аулаларын аралап шықты.
Жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелері бойынша өткен жылдардың әкімшілік істерін ескере отырып, өндіріп алынған сомма 22 миллион 636 мың теңгені құрады. Сот орындаушыларының қаулылары бойынша борышкерлердің 81 автокөлік құралы арнайы тұраққа орналастырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті әкімшілік айыппұл салынған жағдайда, жеті тәулік ішінде Сіз көрсетілген сомманың 50% төлеуге құқығыңыз бар екенін еске салады, мерзім өткеннен кейін толық соммаға әкімшілік айыппұл салынады.
Сондай-ақ, айыппұлды электрондық үкімет порталы арқылы онлайн режимінде төлей алатын сайттар - egov.kz, qamgor.gov.kz және екінші деңгейдегі банктердің мобильді жүйелері арқылы.
[xfvalue_img]
18 пікір