Жамбыл облысында «Борышкер-2019» жедел-алдын алу шарасы басталды
Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес Жамбыл облысы аумағында 18-22 қараша күндері «Борышкер-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы халықты ақпараттандыру болып табылады.
Іс-шараны әкімшілік, жол полициясы қызметкерлері Жамбыл облысының прокуратурасымен, аумақтық жеке сот орындаушыларымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір