Жамбыл облысында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды
Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес облыс аумағында қаңтардың 28-31 күндері аралығында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты – әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттігі туралы халықты ақпараттандыру болып табылады.
Іс-шараны әкімшілік, жол полициясы қызметкерлері облыстық прокуратура, аумақтық жеке сот орындаушыларымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
22 пікір