«Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық  істер бойынша сот актілерінің  орындалуындағы проблемалық мәселелер» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді

«Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуындағы проблемалық мәселелер» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді

 

 Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Ғ. Ниетбаев пен Жамбыл облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Б.Пралиевтің қатысуларымен «Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық  істер бойынша сот актілерінің  орындалуындағы проблемалық мәселелер» атты тақырыпта семинар өткізді.

          Сот төрағасы Е.М. Дүйсенбаев семинарға қатысушылардың назарына алимент мөлшерін азайту туралы талап арыздармен азаматтардың сотқа жүгініп, осы санаттағы талап арыздардың саны ұлғайғандығын жеткізді.

         Алимент мөлшерін азайту туралы талап арызармен жүгінуінің басты  себептерінің бірі атқарушылық іс жүргізу процесінде тараптардың медиативтік/медиациялық келісімдерден  хабардар болмауы болып табылады. Осы іс-әрекеттерді жүргізу тәртібі мен мүмкіндігі түсіндірілді.            

           Семинарға қатысушыларға соттан тыс медиативтік рәсімдерді өткізу алгоритмін бірлесіп әзірлеуді ұсынды. 

          Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Ғ.Ниетбаев атқарушылық құжатты қайтару және тоқтату тәртібі мен себептерін түсіндіріп өтті.

      Семинар барысында қатысушылар алименттік міндеттемелер, қылмыстық және азаматтық іс жүргізуде мемлекет кірісіне процессуалдық шығындарды өндіріп алу және әкімшілік жазаларды орындау бөлігінде сот актілерін орындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқыланды.

       Іс-шара соңында қатысушылар кәсіби медиаторларды тарта отырып, медиативтік рәсімдер бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу туралы, сондай-ақ сот актілерін орындау бойынша салыстыру актісін жүргізу туралы келісімге келіп, өзара  пікір алмасты.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.