Жамбыл облысының Ювеналдық сотында Отбасы орталығы ашылды
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасы орталығы» ашылды.
Отбасы орталығының ашылу салтанатына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыстық соттың судьясы Гүлнар Сыздыкова, ювеналдық соттың төрағасы Ербол Дүйсенбаев, соттың судьялары Айгүл Бексұлтанова, Тахмина Сұлтанова, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Мүбарак Жинақбаева, ҚХА Жамбыл облыстық ақсақалдар кеңесінің орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, ҚХА Жамбыл облыстық медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-ның директоры Айжан Мейрханова мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ж.Рүстембеков өзінің сөзінде Отбасы орталығы дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарының қолданылуына, неке-отбасылық міндеттемелерден туындайтын даулар санын азайтуға ықпал ететінін айтты. Оның пікірінше Отбасы орталығы қызметі жанжалдасқан ерлі-зайыптыларды татуластырушы медиатордың, психологтың көмегі арқылы татуластырып, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы, баламен кездесу уақытын белгілеу туралы, алимент мөлшерін азайту туралы, әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы жанжалдардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
Отбасы-баға жетпес сый. Оны бұзу емес, сақтау керек деп санайды Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай.
Отбасы орталығы медиацияны қолдану мен оның артықшылықтары туралы қажетті ақпараттық материалдармен, отбасының ар-намыс кодексі мен отбасы және отбасылық құндылықтар туралы буклеттермен, толы ойыншықтар, ұйымдық техникамен және жайлы жиһазбен жабдықталған.
Кабинетті салтанатты түрде ашу рәсімін Ж.Рүстембеков пен К.Олжабайға беріліп, лентаны кесу ұсынылды.
баспасөз қызметі
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
[xfvalue_img]
17 пікір