Дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту мәселелері талқыланды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 базалық сотының оқу орталығында онлайн форматта тұрғын үй және жер қатынастары саласындағы дауларды сотқа дейін шешу бойынша дөңгелек үстел өтті.
Шараға облыстық соттың судьясы Ғалия Даулеткалиева, Орал қаласы №2 соты төрағасы Азамат Борамбаев, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, Орал қаласының ТҮКШ бөлімі, Орал қаласының сәулет және құрылыс бөлімінің, Жер қатынастыра бөлімінің, БҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның және Татуласу орталығының өкілдері қатысты.
Орал қаласының №2 сотының судьясы Салтанат Курманбаева жоғарыда келтірілген істерді қараудағы ұйымдастыру жұмыстары бойынша баяндамасы тыңдалды, сонымен қатар өкілетті органдармен жұмысының алгоритмін жасақтау ұсынылды.
Өз кезегінде сот төрағасы А.Борамбаев істерді қарау көрсеткіштеріне тоқталып, жұмыстың оң бағытындағы беталысын, сонымен қатар орын алған кемшіліктерді ерекше назарда ұстау қажеттігін атап айтты.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, дауды сотқа дейін шешудің талаптарының тиімділігін және осы тәрізді кездесу маңыздылығын атап өтті.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 соты кеңсесінің бас маманы
[xfvalue_img]