Шарт жасау, оларды өзгерту және жарамсыз деп тану, шарт міндеттілігін орындау даулары сотта талқыланды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 базалық сотында «Шарт жасау, оларды өзгерту және жарамсыз деп тану, шарт міндеттілігін орындау даулары» атты семинар сабағы өтті.
Шараға облыстық соттың судьясы Сауле Жұмабекова, Орал қаласы №2 соты төрағасының м.а. Флора Сапарова және аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Семинар барысында Орал қаласының №2сотының судьясы Марина Сахипованың баяндамасы тыңдалды. Ол өз сөзінде АК 378 бабына сәйкес, екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылатынын атап өтті. Азаматтық құқықтың негізгі бастауларының бірі шарт еркіндігі АК 2 бабымен бекітілген, оған сәйкес азаматтық заңдар өздерi реттейтiн қатынастарға қатысушылардың теңдiгiн, меншiкке қол сұқпаушылықты, шарт еркiндiгiн, жеке iстерге кiмнiң болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергiсiз жүзеге асыру, нұқсан келтiрiлген құқықтардың қалпына келтiрiлуiн, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттiгiн тануға негiзделедi.
Аталмыш істер бойынша семинар қатысушыларымен нақты мысалдар келтірілді.
Өз кезегінде облыстық сот судьясы Сауле Жұмабекова істерді қарау көрсеткіштеріне тоқталып, жұмыстың оң бағытындағы беталысын, сонымен қатар орын алған кемшіліктерді ерекше назарда ұстау қажеттігін атап айтты.
Шара соңында қатысушылар семинардың маңыздылығын атап өтті.
О.К.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]