Базалық сотта өткен семинар
Орал қаласының №2 базалық сотының оқу орталығында «Зейнетақы заңнамасын қолдануға байланысты мемлекеттік органның іс-әрекетіне шағымдану туралы азаматтық істерді қарау мәселелері мен тәжірибесі» атты семинар сабағы өтті.
Шара облыстық соттың судьясы Галия Даулеткалиева, Орал қаласы №2 соты төрағасының м.а. Флора Сапарованы және аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен өтті.
Семинар барысында Орал қаласының №2сотының судьясы София Ахмерованың баяндамасы тыңдалып, статистикалық мәліметтер келтірілді. Мәселен, 2018 жыл мен 2019 жылдың 30 шілдесі аралығында Орал қаласының №2 сотына келіп түскен зейнетақы заңнамасын қолдануға байланысты мемлекеттік органның іс-әрекетіне шағымданы туралы 20 талап арыздың, 11-і бойынша шешім шығарумен аяқталған. Аталмыш істер бойынша семинар қатысушыларымен нақты мысалдар келтірілді.
Өз кезегінде облыстық сот судьясы Ғалия Даулетқалиева істерді қарау көрсеткіштеріне тоқталып, жұмыстың оң бағытындағы беталысын, сонымен қатар орын алған кемшіліктерді ерекше назарда ұстау қажеттігін атап айтты.
Шара соңында облыстық қатысушылар оқытудың маңыздылығын атап өтіп, сот судьяларына жемісті жұмыс тіледі.
О.К.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]