Ювеналды соттың психологы «Отбасындағы агрессия: агрессор және жәбірленуші» тақырыбындағы авторлық оқыту семинарына қатысты
Орал ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, отбасындағы агрессивті мінез-құлық проблемаларымен жұмыс жасайтын мамандардың қатысуымен «Отбасындағы агрессия: агрессор және жәбірленуші» тақырыбында үш күндік авторлық оқыту семинары өткізілді. Бұл семинарға БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологі Салтанат Жапакова қатысты.
Авторлық семинарды «Адиктология және психикалық денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу практикалық орталығы» қоғамдық бірлестігінің психология мамандары Куралай Алина мен Наталья Фесенко өткізді (Павлодар қ.)
Семинардың мақсаты: Жұмыс тобының мүшелері мен отбасылардағы агрессивті мінез-құлық проблемаларымен жұмыс жасайтын психологтарды оқыту.
Қатысушылардың пікірінше мұндай семинарлар мамандар үшін өте маңызды. Өйткені психологтардың өздерінің күнделікті қызметіне басқаша және жаңашыл көзқараспен қарауына үлкен себеп болады.
Семинарға қатысушылар түрлі кәсіби салалардың өкілі болып табылады, олар үшін бұл жаңа дүниелер үйренуге, тәжірбие алмасуға, өз тәжірбиелерімен пікір алмасуға үлкен әсерін тигізеді.
Осындай семинарлар тұрақты түрде өткізілсін деген жылы тілектер айтылды.
Ювеналдық сотының психологі өзінің үйренген бар жаңа дүниелерін, білімін өз жұмысында ата-аналармен, кәмелетке толмаған балалармен жұмыстану барысында қолданатынын және жаңашылдықтың өз жұмысында үлкен септігін тигізетінін айтып өтті.
Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]