БҚО Ювеналдық сотының психологі семинар тренингге қатысты
«Отбасылық сот» және «Жас Отбасы» жобасын іске асыру аясында «Жайық таңы» және Батыс Қазақстан облысының жастарды қолдау политикалық ортылығының қолдауымен «Психологтардың отбасылармен тиімді жұмыс жасауы» атты тақырыбында тренинг өткізілді, бұл тренинг семинарға БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психологі С.Жапакова қатысты.
Семинарды психология бойынша магистр және халықаралық дәрежедегі психолог Светлана Богатырова өткізді. Қатысушылардың пікірінше мұндай тренингтер мамандар үшін өте маңызды. Өйткені психологтардың өздерінің күнделікті қызметіне басқаша және жаңашыл көзқараспен қарауына үлкен себеп болады. Семинарға қатысушылар түрлі кәсіби салалардың өкілі болып табылады, олар үшін бұл жаңа дүниелер үйренуге, тәжірбие алмасуға , өз тәжірбиелерімен пікір алмасуға үлкен әсерін тигізеді. Осындай семинарлар тұрақты түрде өткізілсін деген жылы тілектер айтылды. Ювеналдық сотының психологі өзінің үйренген бар жаңа дүниелерін, білімін өз жұмысында ата-аналармен, кәмелетке толмаған балалармен жұмыстану барысында қолданатынын және жаңашылдықтың өз жұмысында үлкен септігін тигізетінін айтып өтті.
Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.
Батыс Қазақстан облысының
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]