МЕКТЕП ПСИХОЛОГТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКЗІЛДІ
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Мектеп психологтарының мектеп медиациясындағы рөлі» тақырыбында Орал қаласының № 01, 02, 06, 09, 10, 13, 17, 19, 21, 47, 50 мектептерінің психологтарымен және БҚО «Татуластыру орталығының» өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді ювеналды сотының психологі Жапакова Салтанат өз сөзімен ашты.Өз сөзінде мектеп психологтарының мектеп және отбасылық дауларды шешу кезіндегі рөлінің маңыздылығы жайлы сөз қозғады.Психологтардың дауды шешу кезіндегі делдалдық іс-әрекетіндегі басты кілті жаңа жағдаяттарды құра білу болып табылады.Психологтардың екі жақ қарсыластарымен жұмыс істеуі кезіндегі стратегиялық мақсаты тараптарды жанжалды жағдайға итермелемей,олармен бірлесе отырып, мәселеден шығу жолын бірге шеше білуінде.
БҚО «Татуластыру орталығының» өкілі Алуа Рахишева «Отбасы дауын шешудегі медиация» тақырыбында өз баяндамасын оқыды.Психологтардың этикалық қағидаттары және олардың делдалдық қызметі туралы сөз қозғады.Сондай-ақ мектеп қызметіне медиацияны енгізу медиацияны реттеудің тағы бір құралы екенін нақтылап өтті.
Сонымен қатар № 10 ЖОББМ психологі Эльмира Камешова, №13 ЖОББМ психологі Татьяна Черноярова, №19 ЖОББМ психологі Гулсара Бисалиева, №47 ЖОББМ психологі Жанылсын өз баяндамаларын баяндады.
Дөңгелек үстел қатысушылары белсенді түрде өзекті мәселелерді талқылап,өз пікірлерімен бөлісті.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]