Медиацияның ерекшеліктері

Медиацияның ерекшеліктері

 

Қазақстан әлемдік қауымдастық әріптестігіне теңескен бүгінгі сот төрелігінің қолжетімділігі мен әділдігін жедел дамыту мәселесі ерекше маңызға ие. Бұл мәселе тек құқықтық ұсынымдар мазмұнының талаптарына ғана емес, ол жалпы қоғамның құқықтық деңгейіне және әрбір азаматқа қойылатын талап болып табылады.

Елбасы Н.Назарбаев сот саласының қазіргі заман талабына сай дамуына ерекше назар аударып, нәтижесінде сот жүйесінде түрлі дауларды бейбіт тәртіппен шешу тәжірибесі қалыптасып, азаматтар даулы мәселелерді бітімгершілікпен шешудің тиімділігіне көз жеткізе бастады. Әрине, бұл соттардың аталған рәсімді халыққа насихаттау, түсіндіру жұмыстарының жемісі деуге болады. Себебі, мемлекет басшысы Н.Назарбаев бұл бастаманы халыққа жеткізу сот жүйесіне жүктеген еді. Бүгінгі таңда, дауларды шешудің баламалы жолы ретінде тандалып алынған медиация рәсімінің мәні артып келеді.

 Медиация Заңына сәйкес азаматтық, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық қарым-қатынастан туындаған дауларды медиация жолымен шешуге болады. Мәселен ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзуға, ата-ана құқықтарына, балалардың тұратын орнын анықтауға, оларды асырауға қосатын үлестеріне қатысты мәселелер медиация жолымен реттелуі мүмкін.

Сондай-ақ аса ауыр емес және орташа ауыр қылмыстық істер бойынша да тараптар медиатордың көмегіне жүгіне алады.

Алайда, дау екі тараптан басқа тағы біреудің немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардаң мүдделерін қозғаса, мұндай іске медиаторлар араласа алмайды.

Сондықтан, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерге медиация қолданылмайды.

Ең бастысы, Заң екі жақты дауларды қараудың сапалылығын арттырады.

Сотта қаралған қылмыстық істердің көпшілігі жәбірленушінің сотталушыға кешірім беріп, өзара татуласып, келген залалдың орнын толтырылуына байланысты өндірістен алынады.

Сондай-ақ кез-келген уақытта тараптар бітімгерлік рәсімдерді жалғастырудан бас тартып, жалпы тәртіппен сотқа жүгіне алады.

Заңның құпиялық туралы бабы бойынша медиацияға қатысушы тұлғалардың бітімгерлік рәсімдер барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың келісімінсіз жария етуге құқығы жоқ.

Бітімгершіліктің басты мақсаты – қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жазаларымен жазалау емес, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру.

Бітімгершілік үрдісі сот сияқты ашық емес, құпия жүргізіледі.

Сот отырысы тараптардың бірінің еркінен тыс өткізілуі мүмкін, ал бітімгершілік тек ерікті түрде басталады.

Судья тағайындалады, бітімгер сайланады. Сот шешімді заңға сәйкес қабылдайды, ал бітімгершілік барысында шешім тараптардың мүддесін ескере отырып, бірақ Заң аясында қабылданады. Сот барысы тым ұзаққа созылып кетуі мүмкін, ал медиация жедел және бейресми түрде өтеді. Сотта екі жақ сайысса, бұл жерде тараптар ынтымақтаса әрекет етеді.

Жалпы, істі медиациямен аяқтау қазақ халқы үшін бүгін ашылған жаналық емес, 12-13 ғасырдан бері есептесек, қазақ халқы атадан балаға берілген үлгіге сай дау-дамай, түсініспеушілікті дала заңыңа бағынып шешіп отырған. Билеріміз туындаған дау-жанжалды «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау» арқылы шешкеніне тарих куә. Ал, енді бүгінгі заман талабына сәйкес, осы бабалар жолын жаңғырту қажеттілігі өзекті мәселеге айналып отыр.

 

Н.Галиматов

Ақжайық аудандық сотының бас маманы                 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.