Медиациямен істі аяқтаудағы сотта туындайтын өзекті мәселелер
Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастық әріптесіне теңескен заманда, сот төрелігінің қолжетімділігі мен әділдігі туралы ережелердің іргесін жедел дамыту мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл мәселе тек құқықтық ұсынымдар мазмұнының талаптарына ғана қойылмайды, ол талап барлық құқықтық мәдениет қоғамының деңгейіне және әрбір азаматқа қойылады.
Елбасы Н.А.Назарбаев сот саласының қазіргі заманға сәйкес дамуына ерекше назар аударып, соттардың алдына даулардың бейбіт тәртіппен шешілуіне соттардың жұмысын қалыптастырып, азаматтарға жүйелі түрде бітімгершілік рәсімдері әрекеттерін түсіндіру қажеттігі туралы мақсат қойған.
Медиациямен істі аяқтау қазақ халқы үшін бүгін ашылған ұғым емес. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген нақыл сөздің түбінен Майқы бидің түйінді дана сөздің де, би біткеннің алғашқысы болғанында аңғарамыз. Олай болса,12-13 ғасырдан бері қарай яғни қазақ халқы атадан балаға берілген дәстүрімен дала заңында бітімгершілікпен дауды шешуде «тоқсан ауыз сөздің -тобықтай түйінін жасау» тарих қойнауына сан ғасырлар бұрын енгенін білеміз. Алайда заман талабына сәйкес бабалар жолын жаңғырту қажеттілігі қазірде өзекті мәселе болып отыр.
Қылмыстық істерді шешуде медиатордың көмегімен істі бітіру сотқа жеңілдік туғызғанымен қиындық туғызатын тұстарында айта кету керек. Заң талабы атап айтқанда, жеке айыптау істері бойынша ҚР ҚПК-нің 409 бабының 6 тармағына сәйкес судья тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігін түсіндіруге міндетті. Алайда кейбір істер бойынша кәсіби медаторлардың тараптардың жағдайына байланысты олардың заңда жазылмаған мөлшерде өз шығындарын сұрайтындықтарынан, медиациялық келісімнен тараптар бас тартып сотқа істі өзара келісіммен қысқартуға өтініш түсіреді. Медиаторлардың еңбегінің жазылмаған заңнан шығарылғаны даусыз шындық, алайда оны білген тараптың қорғаушысы да еш шығынсыз заңда көрсетілгендей арызын жаздырып ісін қысқартуға өтініш дайындауға әзір тұрады. Бұл жағдайда заңда судья тараптарды медиациялық келісімге келтіру үшін барлық шаралар қолдану міндетін алғандықтан, тараптар арасында құқықтарын түсіндіргеннің өзінде медиаторлар сот ғимаратында отырғандықтан, тараптар арасынан «судья мен медиаторлар сыбайласып медиаторға табыс табу үшін жолдайды» деген ашынған пікірлерін де сотта тыңдап жатамыз.
Шындығына үңілсек, судья уақыт берген соң тараптардың да медиаторлардың арасындағы мәселеге араласпайды олар құпия сақталады.
Алайда медиаторлардың жеке айыптау істері бойынша сот тараптарды медиаторға жолдағанда сотталушының жеке айыптаушыға берген шығындарынан басқа 20 минуттық жұмысына 50 000 теңгеге дейін медиатор қызметіне ақысын белгілейтіні де айтылып жүр. Алайда бұл негіз, судьялардың олардың арасындағы келіссөзге қатысы болмаса да, тараптардың жоғарыда айтатын теріс пікірлеріне себеп болары сөзсіз.
«Шам жарығы астына түспейдінің кейпін киген сот билігі бұл халық пікірінен қалай ақталмақ???»
Қай адамда ондай жағдаймен байланысса солай ойлауы мүмкін, әрине. Бірнеше сағат отырған адвокат 3 күнде ондай табыс таба алмайды, себебі олардың өзіндік Үкімет қаулысымен бекітілген өтемі бар. Осы негізде осындай жағдайларға тосқауыл қою жолдары ретінде келесідей негіздерді ұсынар едім.
ҚР «Медиация туралы» Заңының 16 бабына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны кәсіби емес негізде жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
Заң тек кәсіби медаторлар емес кәсіби емес медиаторлардың медация шарты мен дау шарды реттеу туралы келісім жасауына жол берген. «Ел іші алтын қазына» алтын уақытының 20 минутын ел баласын тәрбиеге шақырып, тентегін түзеуге бөлетін зиялы қауым, зейнеткер болмаса, оқыған тоқыған тұлғалар қала аумағында жоқ емес. Солардың бірі болмаса бірі халқына пайдасын тигізіп, қоғам жағдайына оң көзбен қарауға ниет білдірмейді емес.
Сотқа келген адам соттан әділдік іздеу үшін, барар жері, басар тауы қалмағасын сотқа келеді. Осы негізде Заңның осы қырын қолдануға әкімдікпен келіссөз жасап, аталған тұлғалардан тізім жасап кәсіби медиаторға берілген кеңседен кеңсе бөліп, медиаторға үміткерлер тізімін шығарса заңның талабы орындалып, халыққа пайдасы тиері сөзсіз. Әрбір мемлекеттік қызметші халық қызметшісі десек, заңның осы тұсын жандандырып, басына іс түскен адамның соңғы тиынын сарқымай, кәсіби емес медиаторлар медиациялық шарт жасап отырса кәсіби медиаторлар бағасы да бір деңгейге келіп бәсекелесі болары сөзсіз.
Алайда кәсіби медиаторлардың еңбегін бір ережемен реттеу қажеттігі де күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының судьясы Э.С.Атчибаева
[xfvalue_img]