СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ANTIKOR ORTALYGY» алаңында Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының президенті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі, Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Зауреш Батталованың қатысуымен нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары талқыланды.
Жиынға департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, ҚПДҚ заңгері Алишер Кожагулов және ZOOM платформасы арқылы ҚПДҚ ғылыми жетекшісі, арнайы мониторингтік топ мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, адвокат Мереке Габдуалиев пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Зауреш Батталова нормативтік құқықтық акті жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің маңыздылығына кеңінен тоқталып, ашық сұқбат құрды. Қатысушыларға сараптама жүргізудің мақсаты мен қағидаларын, өткізу мерзімдері мен сараптама қорытындысының құрылымы туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдары - «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» мен «Сараптама» бағдарламасы жөнінде атап өтті.
Зауреш Батталованың айтуынша, аталған бастамалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға мүмкіндік береді.
«Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын фактілердің алдын алу мен жолын кесу үшін тиісті шараларды жүйелі түрде жүргізу маңызды. Сондай-ақ, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылар жеке жауапты», - деді Жазира Жылқышиева.
Алишер Кожагулов сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу процесіне кеңінен тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
[xfvalue_img]