ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ САРАПТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Президенттің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева Агенттіктің бастамалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдіріне талдау жүргізудің маңыздылығы мен бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту мәселелері туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, Мәжіліс және мәслихат депуттары, арнайы мониторингтік топ, «Астана – адалдық алаңы» жоба менеджерлерімен бірлесіп дәрі-дәрмектердің бағаларына жүргізілген мониторинг жөнінде атап өтті.
«Мемлекеттік органдарда және қызмет алу кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне тап болған жағдайда Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарласуларыңызды сұраймын. Мемлекеттік қызметшілерге пара беру немесе пара алу жағдайында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін» -, деді Жазира Жылқышиева.
Кездесу еркін диалог форматында жүргізілді. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алып, алғыстарын білдірді.
[xfvalue_img]