Облыстық сотының оқу-білім шаралары
Облыстық сотында «еңбек дауларын қарау сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, аталған дөңгелек үстелге облыстық сот және қалалық сот судьялары, сонымен қатар еңбек инспекциясының өкілдері қатысты.
БҚО МЭС-ның судьясы Любовь Карсакованың, Орал қаласының №2 сотының Ботагөз Баймағамбетованың және Бөрлі аудандық сотының Асел Бектурганованың, сонымен қатар еңбек инспекциясы өкілі Ерсайын Қадыровтың баяндамалары тыңдалып талқыланды.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен қылмыстық істер қарайтын соттар судьяларымен бейнеконференсбайланысы арқылы семинар өткізілді, семинарда 2019 жылдың шілде айында сот төрелігін атқару қорытындысы талқыланды, сонымен қатар қылмыстық істер бойынша әр-түрлі санаттағы талдаулар мен қорытулар талқыланды.
Сонымен қоса бірінші сатылы соттар судьяларымен азаматтық – құқықтық тақырыпта және 2019 жылдың шілде айында сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша семинар өткізілді, семинарда сот актілерінің бұзылуы және өзгертілу себептері, азаматтық істер бойынша әр-түрлі санаттағы сот тәжірибесінің проблемалық сұрақтары талқыланды. Облыстық сот судьялары сот істерін қайта қарау нәтижелерін баяндады, ҚР Жоғарғы Сотынан келіп түскен сот тәжірибесіне қатысты хаттар талқыланды. Сонымен қатар сот отырыстарын уақытылы бастамау және сот отырысын үзу ақпараты талқыланып, осындай кемшіліктерді жібермеу туралы ескертілді.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
21 пікір