Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық-құқықтық тақырыптар бойынша семинар өтті
Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотында қылмыстық-құқықтық тақырыпқа арналған семинар өтті.
Семинарға қылмыстық істер бойынша сот алқасының судьялары, облыстық прокурордың көмекшісі, сондай-ақ облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.
Басқосуды облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы А.Жұмағұлов ашып беріп, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталып өтті.
Семинарда қылмыстық істер жөніндегі алқа судьясы Ниязбек Ділдәбеков «2019 жылдың қаңтар айындағы бірінші сатыдағы соттардың өзгертілген және бұзылған сот үкімдері» тақырыбында баяндама жасады.
19.12.2018 ж., 09.01.2019 ж., 15.01.2019ж кассациялық тәртіпте қаралған қылмыстық істер, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын, арбитражды, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңды одан әрі ізгілендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар судьялары қысқаша шолу жасап өтті.
Сонымен қатар, осы салада облыс бойынша бірыңғай тәжірибе мен ұсынымдарды әзірлеу үшін жол-көлік оқиғалары салдарынан келтірілген материалдық залал және моральдық зиянды өтеу бойынша проблемалық мәселелер талқыланды.
Семинарға қатысушылар көтерілген мәселелерді жан-жақты талқылауға белсенді қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]