Шектеулер кезеңінде соттардағы жұмыстар

Шектеулер кезеңінде соттардағы жұмыстар

Қазақстан Республикасының Президентінің елімізде жаңа СОVІD-19 коронавирусының пандемиялық сипат алуына орай төтенше жағдай жариялауына байланысты Жоғарғы Сотта да бірқатар шаралар қабылданды.

Жоғарғы Сот аталған шектеулерді қабылдай отырып, адамның өмірі мен денсаулығы ең басты құндылық екендігіне баса назар аударып, сол қабылданып отырған шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға бағытталғаның атап өтеді.

Осы жылдың 10 мамыр күні өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Президент Қ.Тоқаев қашықтықтан жұмыс істеу форматының сәтті іске асуы маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау кезінде ІТ-технологияларды қолданудың тиімділігін атап көрсеткен болатын.

2018 жылдан бері «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында төтенше жағдай кезінде де, қазіргі карантиндік шаралар кезінде де пандемияның таралуының алдын алу, халықтың қауіпсіздігі үшін соттарда сот отырысын қашықтықтан онлайн қатысу мүмкіндігі толыққанды жұмыс істеуде. TrueConf және WhatsApp мобильді қосымшалар арқылы азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер қаралуда.

Карантин режимі енгізілгенімен тұрғындар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуді тоқтатқан емес. Карантин режимі кезінде әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында құқықбұзушылықтар азаймай отыр. Соған байланысты облыстық сот төрағасының бастамасымен «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атауымен жұмыс топтары құрылып, оған жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктермен билер институтының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны болдырмау үшін жұмылдырылып, жұмыстануда.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің СОVІD-19 ауруының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы №36 қаулысында инфекцияның жаппай таралу қаупінің әлі де сақталып отырғаны және төтенше жағдай кезеңінде болған шектеу шараларының жалғасатындығы баяндалған. Соған байланысты сот ғимараттарында ауруды жұқтыру қаупін болдырмау және келушілерге, судьялар мен сот қызметкерлеріне қауіпсіз жағдай жасау мақсатында жергілікті соттар аталған қаулы талаптарын мүлтіксіз орындауда. Сот ісін жүргізуге және сот жұмысына қатысы жоқ бөгде адамдардың сот ғимаратына кіруіне тыйым әлі де жалғасуда. Санитарлық-залалсыздандыру режимін күшейту, дене қызуын өлшеу жұмыстары жүргізіліп отыр, сонымен қатар, СОVІD-19 ауруының белгілері байқалған азаматтар сот ғимаратына кіргізілмейді.

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотымен төтенше жағдай басталған уақыттан бері 6 қылмыстық, 9 азаматтық және 61 әкімшілік құқық бұзушылық істер TrueConf және WhatsApp мобильді қосымшалары арқылы jнлайн режимінде өтуде.

Бұның барлығы да бұдан бұрын өткен төтенше жағдай кезінде де, қазіргі уақыттағы карантин шаралары кезінде де сот саласындағы және сотқа қатысатын адамдарды толыққанды әрі қауіпсіз түрде қорғау үшін қолданылып жатқан шаралар.

Жоғарыда айтылғандардың  ІТ-технологиялардың қолданылуы  бірнеше жыл бойы құрылып, іске асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижесі болып табылады.

 

Лұқпан Испанов

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының

аға сот приставы 

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.