Карантин кезіндегі соттардың қол жетімділігі.

Карантин кезіндегі соттардың қол жетімділігі.

2020 жыл барлық адам өмірінде ерекше есте қалады деп ойлаймын. Бүкіл әлемді жайлаған жаман індет біздің елді де айналып өтпеді. Індеттің таралуын болдырмау мақсатында каратиндік шаралар енгізіліп жатыр, төтенше жағдайлар жарияланды. Адамдар оқшаулануға мәжбүр болды. Осы болып жатырған жайлар көптеген өзгерістерге әкелуде. Оқу орындары, дүкендер, мекемелер қашықтан жұмыс істеуге көшсе, жеткізіп беру, тасымал түрлері дамуда. Өкінішке орай, төтенше жағдай кезінде кейбір кәсіпорындар жұмысын уақытша тоқтатуға тура келсе, қашықтан интернет арқылы жұмыс істей алатын мүмкіндігі бар мекемелер қиын кезде халықтың сұранысын өтеп отыр.

Қазақстан Республикасының сот саласы да ғаламдық өзгерістерге құлақ түріп, жаңа технологияларды қолданып келе жатырғаны баршаға мәлім. Елбасының бастамасымен «100 нақты қадам» ұлт жоспары реформасында сот жүйесіне басты назар аударылды. 2018 жылдың басында Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамытуда «Сот жүйесінің жеті түйіні» деп аталған жобасы қабылданды. Осы бағдарламалардың арқасында сот саласында көптеген жаңаша өзгерсітер енуде. «Фронт офис» және «Мобильді бейне конференц байланыс», бұған қоса «Сот кабинеті» секілді жаңашылдықтар енді. Бұлар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.

Төтенше жағдай кезінде де, қазіргі карантиндік шаралар кезінде де пандемияның таралуының алдын алу, халықтың қауіпсіздігі үшін соттарда сот отырсына қашықтан «Онлайн» қатысу мүмкіндігі толыққанды жұмыс істеуде. Қандай жағдай болмасын адамдар құқықтарын толыққанды әрі қауіпсіз түрде қорғау үшін соттарда барлық шаралар қарастырылған. Шағым немесе өтінішхатарды «Сот кабинеті» арқылы үйден жолдаудан бастап, сот отырысына ұялы телефоныңыз арқылы қашықтан қатысу және де сот шешімін электронды түрде қаралған күні электронды поштаңыз арқылы алу мүмкіндіктері бар.

Қазақта - «Ауру айтып келмейді!», - деген сөз бар. Бұл пандемияның осынша ауқымды болатынын ешкім болжамады деп ойлаймын. Төтенше жағдай кезіндегі сот саласындағы халыққа ыңғайлы шаралар бір күнде пайда болған жоқ. Бұның барлығы бірнеше жыл бойы құрылып, іске асырылып жатырған жоғарыда айтып өткен бағдарламалардың нәтижесі.

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотымен төтенше жағдай кезінде қашықтан 110 материал қаралған. Бұл осыншама адамның құқықтары қорғалып, өтінішхаттары уақытылы әрі қауіпсіз оқшау жағдайда қаралғанын білдіреді. Бұл жерде сот отырысына қатысушы тараптар: адвокат, прокурор, күдікті, шағымданушы, куәгерлер т.б. рөлін де ескерген жөн.

Қазақстан Республикасының соттары халыққа жағдай жасалуы, ыңғайлылық жағынан әлемдік Doing Business рейтингісінде төртініш орында екенін айтып өткен жөн. Осындай қиын жағдайда соттардың халыққа қол жетімділігі әрі ыңғайлылығы аса қажет және халық мұның нәтижесін көріп жатыр деген ойдамын.

 

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының бас маманы сот отырсының хатшысы Қ.Е.Жумин

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.