Сотта онлайн режимінде қатысу – төтенше жағдайда сот қорғауын қамтамасыз етудің тиімді тәсілі
Мемлекет басшысы азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Респуликасының барлық аумағында 2020 жылғы 15 наурыздан 15 сәуірге дейін кезеңге төтенше жағдай енгізгені баршамызға мәлім.
Бұл орайда, сот процесі қатысушыларымен тікелей қатынасты азайту мақсатында тергеу соты өтінішхаттарды қашықтықтан қарауға толық көшті. 2020 жылдың наурыз айының 16-күнінен бастап барлық сот отырыстары (47 процесс) мобильді бейнеконференайланыс арқылы өткізілуде.
Сот процесін қашықтықтан қараудың мәні, сотқа қатысушылар отырысқа ұялы телефонға (смартфон) орнатылған «TrueConf» бағдарламасы арқылы қатысудан тұрады. Өз тарапынан, сот қызметкерлерімен процес қатысушыларына сот отырысына қосылу бойынша тиісті тәжрибелік көмек көрсетілуде.
Төтенше жағдай аясында істер мен материалдарды қараудың осы тәсілі үздіксіз сот қорғауының қамтамасыз етудің оңтайлы тәсілі болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық процеске тартылған барлық тұлғаларды құжаттарды тапсыру және сот отырыстарында қатысуды қашықтықтан жүзеге асыруға шақырамыз.
Біздің елімізде адамдың өмірі мен денсаулығы ең басты байлық болып табылады.
Техникалық ақаулардың алдын алу мақсатында мобильді құрылғыларға бірқарат талаптар қойылған. Мобильді бейнеконференцбайланысты қолдану бойынша нақты ақпаратты бұл жерден алуға болады www.zko.sud.kz
БҚО Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Губашев Н.Е.
[xfvalue_img]