Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық – лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Елде сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тоқтатады, инвестициялық климатқа теріс әсер етеді, елдің имиджін төмендетеді.

Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады және оның көріністерін болдырмау жөніндегі шараларға ерекше орын беріледі.

            Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру үшін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер мен мемлекеттік бағдарламаларды қабылдады.

            1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, ол оған қарсы күресудің негізгі қағидаттары мен тетіктерін анықтады.

            2014 жылдың 24 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бекітілді, осы стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Қазақстанның осы маңызды мәселесі бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді.

         Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес әр адамнан, қоршаған орта өкілінен басталуы керек.

Сыбайлас жемқорлықтың төмендеуі және демократиялық қоғамның қозғалысы жалғасатын құқықтық, экономикалық тұрғыдан дамыған мемлекеттің құрылысы оны әлеуметтік қызметі мен жауапкершілігіне, азаматтық, құқықтық, саяси мәдениет пен білім деңгейіне байланысты болады.

 

Ғабит Мүсірепов атындағы

ауданының № 2 сотының бас маман                                            

Р. Бикмурзина

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.