Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін жаза қатайды.

Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін жаза қатайды.

 

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне  бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген болатын.

Олардың бірі аталған Кодекстің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген, яғни  жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық мас күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай мас күйдегі адамның басқаруына бергені үшін жаза қатайып, ол үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылды (бұған дейін тек 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру ғана көзделген болатын).

Ал, мас күйде көлік құралын басқарып және жол көлік оқиғасын жасап, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, өзге де құрылыстарды не мүлікті бүлдіруге әкеп соққаны үшін - 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

          Егерде бұл әрекеттерді көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасағаны үшін – 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы көзделген.               Жоғарыдағы құқықбұзушылықтарды осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар (жүктi және 14 жасқа дейiнгi балалары бар әйелдер, 18 жасқа толмаған адамдар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, сондай-ақ 58 жастан асқан әйелдер, 63 жастан асқан еркектер және 14 жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер) жасаған әрекеттері үшін – 200  айлық есептік көрсеткіш, яғни 530200 теңге мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Қаратөбе аудандық сотында биылғы жыл басынан бастап аталған баптың 1-бөлігімен, яғни алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған 3 адамға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралып, сот қаулысымен олар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілдерінің хабарлаған статистикалық мәліметтеріне сәйкес жыл сайын көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы 30 000 мың адамнан асады екен.

Автокөліктерді  алкогольдік мас күйінде жүргізіп  жасаған жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде 1000-нан аса  азаматтар жарақаттар алды және қаза тапты.

Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық мас күйде басқаруы үшін жазаның қатаюы әділ деп есептеймін. Бұл шаралар жолдарда азаматтардың қауіпсіздігін, денсаулығы мен өмірін сақтау үшін бағытталып отыр.

Заңға енген толықтырулар жол көлік оқиғаларының алдын алуға және мас күйінде көлікке отыратын жүргізушілерге әсер ететіні сөзсіз деп ойлаймын.                                                                                                                                                                                           Қаратөбе аудандық сотының аға сот приставы Н.С.Ердибеков

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.