Әкімшілік қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.
Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) азамат Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Cотта анықталғандай, аз.Ж 2020 жылғы 23 қаңтарында түнгі уақытта Мұғалжар ауданы, «Кенкияк-Жаңажол» тас жолының 122 км. тұсында «Mitsubishi L200» автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып келе жатып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Сот отырысында аз.Ж өз кінәсін мойындап, 2020 жылдың 23 қаңтарында алкогольдік ішімдік ішіп автокөлік басқарып келе жатып, «Кенкияқ-Жаңажол» тас жолының бойында «Уаз 390945» автокөлігімен түйісіп қалғанын түсіндірді.
Сот қаулысымен аз.Ж ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.
[xfvalue_img]