Алкогольдік масаң күйдегі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Әйтеке би аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. Комсомол ауылында алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарып, рульге ие бола алмай, соқтығыс жасады, нәтижесінде жәбірленушіге материалдық залал келтірді.
Азамат Б.-ның кінәсі өзінің сот отырысында берген түсініктемесінен бөлек, жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғанын анықтайтын медициналық куәландыру қорытындысымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жол көлік оқиғасы болған жердің сызбасымен, құқық бұзушының және жәбірленуші өкілінің, куәлардың түсініктемелерімен, суреткестелерімен және басқа да нақты деректермен толықтай дәлелденеді.
Соттың қаулысымен құқықбұзушыға 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Әйтеке би аудандық сотының баспасөз хатшысы А.Биманова
[xfvalue_img]