Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды
Жаңақала аудандық соты ұрлық фактісі бойынша қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты.
Сотпен анықталғандай, сотталушы бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленушінің 30 метрдей алюминий қаптамасын жасырын жымқырып, оған 30 000 теңге материалдық залал келтірген
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындап, шығынның өтелгенін, жәбірленушімен өзінің арасында медиация рәсімі бойынша келісім жасалғанын айтты.
Қылмыстық іс бойынша өндіріс тараптардың медиация тәртібімен келісімге келуіне байланысты ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігіне сай сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]