Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды
Мұғалжар аудандық сотымен 2018 жылдың 8 айында өндіріспен 91 қылмыстық іс аяқталды, оның ішінде 27 іс бойынша іс жүргізу медиация тәртібімен тоқтатылды.
Мысалы, К. Қандыағаш қаласында орналасқан «S» букмекерлік кеңсесінде бұзақылық ниетпен жәбірленуші Н. денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтiргені үшін ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен айыпталған.
Басты сот талқылауында тараптар медиациялық келісімге келгендерінін мәлімдеп, оны сотпен бекітуді сұрады.
Сондықтан К. ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды, оған қатысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]