Елордалық ювеналды полицейлер волонтерлермен бірге қоғамдық орындарда түнгі уақытта балалардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүруін анықтауда
Рейдтер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтын алдын-алу мен ескерту, кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізілуде.
Мысалға, «Есіл» ауданының ювеналды полиция қызметкерлері мамыр айының 18-ші жұлдызында түнгі сағат 03.00 шамасында елордалық компьютер клубының бірінен 10 жасар баланы анықтаған. Аталған факті бойынша, баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 1-ші тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, компьютер клубының әкімшісі кәмелетке толмағанның түнгi уақытта компьютер клубында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тыйым салынғанына қарамастан, жұмысын тоқтатпаған клуб иесіне қатысты материалдар аудан прокуратурасы мен әкімдігіне жіберілді.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]