Масаң күйде көлік жүргізудің ауыр салдары
19 мамыр 2020 жылы, мамандандырылған тергеу сотымен күдікті Н.А. Сагинбаевке қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш қаралды.
Н.А. Сагинбаев ҚР ҚК-нің 346-бабының 3-бөлігі (көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқара отырып, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіру) көзделген қылмыс бойынша күдіктенеді.
Н.А. Сагинбаев ағымдағы жылдың қаңтар айында масаң күйде көлік жүргізгені үшін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылса да, анықтау органының ойынша өзіне тиісті нәтиже алмай адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіру түріндегі ауыр салдарына әкеп соққан ұқсас құқықбұзушылық жасаған.
Оқиға «Омега-Деркул» тас жолындағы жаяу жүргінші орнында болған. Күдікті екі жаяу жүргіншіні қағып, ЖКО орнынан бой тасалаған.
Тергеу судьясы, анықтаушының өтінішін қарап, толық қанағаттандырып, күдіктіге екі ай мерзімге дейін «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасын санкциялады.
Күдіктінің жеке басын және жасалған қылмыстың мән-жайларын, күдіктінің қылмыстқа дейінгі және одан кейінгі әрекетін ескере отырып, қатаң бұлтарпау шарасы таңдалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Аталған баптың санкциясымен бес жылдан жеті жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеміз.
Губашев Н.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу
Сотының төрағасы
[xfvalue_img]