ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ  БИЗНЕС ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙДЫ

ШҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ БИЗНЕС ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙДЫ

 

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде ШҚО әкімдігінде облыс әкімі Д.Ахметовтың төрағалығымен онлайн-кеңес өтті. Аталған кеңеске ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Жалмағамбет, облыстың қалалық, аудандық әкімдіктерінің және мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында "Бизнесті және инвестицияларды қорғау" ("Protecting Business and Investments") жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Жобаның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметі барысында кездескен бюрократиялық тосқауылдар мен сыбайлас жемқорлық  қатерлерін жою болып табылады.

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Жалмағамбет: "Жобаны жүзеге асыру механизмі инвестордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуына негізделген. Департамент келісім тарабы ретінде кәсіпкермен бірге жүреді, оны теріс пиғылды шенеуніктер тарапынан кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтардан 100%-ға қорғайды, заңнама шеңберінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешеді.

Іс-жүзінде инвестордың Департаментпен келісімге қосылу фактісінің өзі шенеуніктердің "қарым-қатынасын" өзгертіп, бизнесменді қандай-да бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен "арылтады".

Егер бұрын инвестор мемлекеттік органға жүгінгенде, көбінесе құқықтық қайшылықтарға байланысты қиындықтарға тап болып, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін әрдайым қорғай алмаса, қазір жоба қызметкерлерінің өңірлердегі консультациялық және ұйымдастырушылық қолдауының арқасында инвестициялық, кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық мәселелер инвесторды қолдау үшін жедел және заң шеңберінде шешіледі".

Спикер атап өткендей, бүгінгі таңда ШҚО-ның 28 бизнес субъектісі жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 21 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.

Кеңес соңында, облыс әкімі мемлекеттік органдардың барлық басшыларын жеке жауапкершіліктері туралы, әсіресе төтенше жағдай режиміндегі жауапкершіліктері туралы ескертті.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.