Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бизнесті қолдау
«Protecting business and Investments» жобасы аясында облыстық инвестициялық орталығында бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы кезекті келісімге қол қойылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы келісімге Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ЖШС «Goldstone Minerals» арасында қол қойды. Бұл кәсіпорын құрамында алтыны бар шикізатты электрохлорлау технологиясымен тәжірибелік металлургиялық зауыт салумен айналысатын болады.
«Protecting business and Investments» жобасының мақсаты - қолайлы инвестициялық климат құру, мемлекеттік органдарға бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қою мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлар Өскемен қаласы, Лихарева көшесі, 2Б мекен-жайындағы «ANTIKOR ORTALYGY» -на жүгіне алады. Жауапты тұлғаның байланыс телефоны: 29-88-29.
[xfvalue_img]