«ANTIKOR.LIVE»: БИЗНЕСТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ҚОРҒАУ
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин "ANTIKOR ORTALYǴY" сервис орталығында "Бизнес пен инвестицияларды қорғау" (Protecting Business and Investments) жобасымен таныстырды.
Жобаның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жүгінген инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметі барысындағы бюрократиялық тосқауылдар мен сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру механизмі инвестордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуына негізделген. Департамент келісім тарабы ретінде кәсіпкермен бірге жүреді, оны теріс пиғылды шенеуніктер тарапынан кез келген бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық қол сұғушылықтардан 100%-ға қорғайды, заңнама шеңберінде туындайтын проблемалық мәселелерді шешеді.
«Егер бұрын инвестор мемлекеттік органға жүгінгенде, көбінесе құқықтық қайшылықтарға байланысты қиындықтарға тап болып, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін әрдайым қорғай алмаса, қазір жоба қызметкерлерінің өңірлердегі консультациялық және ұйымдастырушылық қолдауының арқасында инвестициялық, кәсіпкерлік қызметке байланысты барлық мәселелер инвесторды қолдау үшін жедел және заң шеңберінде шешіледі» – деп атап өтті спикер.
Спикер атап өткендей, бүгінгі таңда ШҚО-ның 28 бизнес субъектісі жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды. Жобаны іске асыру басталғаннан бері 21 кәсіпкер мен инвестордың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді. Бұл жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады.
[xfvalue_img]