Елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов полицейлер мен еріктілерді құттықтады.
Карантин кезінде коғамдық тәртіпті күзетуге жұмылдырылған елордалық полицейлер патриоттық танытып, сондай-ақ кәсіби міндетін адал атқаруда Бұдан басқа, Волонтер жылында індеттің таралуын болдырмау бойынша елордалық еріктілер үлкен жұмыстар атқаруда. Коронавирусқа қарсы күресте азаматтық ұстанымын және жеке жауапкершілік танытып, полициямен қатар олар да көмек көрсетуде.
Полициямен бірге рейдтік және профилактикалық іс-шараларға қатысады, карантинге байланысты енгізілген шектеулер туралы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
«Бүгінгі таңда азаматтар тарапынан көмек қолын созу өте маңызды. Волонтерлардың қызметін ерекше атап өткім келеді, олардың еңбегіне және белсенді азаматтық ұстанымына айрықша алғыс білдіремін. Күн сайын полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық тәртіпті күзетуге қатысады, сондай-ақ халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді»- деді Департамент бастығы Ержан Саденов.
Қызмет атқарудың ерекше тәртібі кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, елорда қонақтары мен тұрғындарына көмек көрсеткені үшін полицейлер мен волонтерлар алғыс хаттармен, грамоталармен және бағалы сыйлық қолсағатпен марапатталды.
Олардың арасында эвакуациялауға көмек көрсеткен «Астана Альянс автоклубы» қозғалысының волонтерлары да бар. Жол талғамайтын көліктерімен бекеттердегі жағдайды бақылауға полиция қызметкерлерімен бірлесіп патрульдейді.
Марапатталғандардың қатарында 6 қабаттан секіріп кетуге оқталған қызды құтқаруға көмек көрсеткен елорда тұрғыны Александр Николаевич Иваненко да бар. Сонымен қатар, SAS Консорциум қауіпсіздігі күзет кәсіпорны пандемия кезінде алғашқы күні полицейлерге көп мәрте қолданылатын 1000 дана масканы беріп, үлкен көмек көрсетті. Еуразия колледжінің студенті волонтер Рустам Жумашев күн сайын демалыссыз полиция қызметкерлеріне көмек көрсетуде. «Клуб добряков» волонтерлық қозғалысының ұжымы өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтарға зор көмек көрсетуде.
Елордалық полицейлер карантин кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетті. Патрульдік полиция мамандандырылған батальонының қызмет аға инспекторы полиция аға лейтенанты Алмас Ахметов қолын жарақаттап алған 70 жастағы қарт кісіге Қосшы блок бекетінен ауруханаға дейін жетуге көмектескен.
ПП Полкінің қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанттары Берік Ақкөзов және Фархад Тукенов өз-өзіне қол жұмсамақшы болған қызды құтқарып, батылдық танытты.
Мамандандырылған батальонның қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ерлан Исаев үш босанатын әйелге перзентханаға уақытында жетулеріне көмектескен.
[xfvalue_img]