Бүгін кәсіби мерекені атап өту қарсаңында елордалық полицейлер құттықтаулар қабылдауда.
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында астана әкімі Алтай Көлгіновтің, Департамент басшылығының, жеке құрамның, ішкі істер органдары ардагерлерінің және қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлері туыстарының қатысуымен Қазақстандық полиция күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты түрде іс-шара өткізу барысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың құттықтау жеделхаты оқылды.
Құттықтау сөзімен Нұр-Сұлтан қласының әкімі Алтай Көлгінов полицейлерге жанқиярлық қызметі үшін алғыс білдірді. «Қала көшелеріндегі тәртіп, тұрғындардың тыныштығы және олардың өзіндік қауіпсіздігіне деген сенімі сіздерге байланысты. Бүгін біз сіздердің еңбегіңізді ерекше атап өтіп, қызметтік іс-әрекетінде жоғары көрсеткіштерімен ерекше көзге түскен елордалық полиция департаментінің қызметкерлерін марапаттағымыз келіп отыр» деп Алтай Көлгінов атап өтті.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ержан Саденов жеке құрамды кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, «полицияның кәсіби қызметі үлкен тәжірибеге, терең білімге және үздік дәстүрлердің сабақтасуына негізделетінін, осының негізінде жас полицейлер де тәрбиеленіп жатқанын, олардың Елордалық департаменттің тарихына өз жарқын кезеңдерін енгізетініне сенім білдіретінін атап өтті.
Осы күні мен жас қызметкерлерге тәрбие беруде, олардың кәсіби, жақсы маман болып қалыптасуына өз үлестерін қосатын, өздерінің бай тәжірибесімен бөлісетін, сондай-ақ қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына жан-жақты қолдау көрсететін ардагерлерімізге үлкен алғыс айтқым келеді», -деді бас қаланың Полиция департаменті бастығы.
Қазақстандық полиция күнін мерекелеу қарсаңында қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге астана әкімі грамота табыстады.
Іс-шараның ресми бөлігі полиция қызметкерлерін марапаттаумен жалғасты. Қызметтік борышын адал орындап, ерекше көзге түскен елорда полиция қызметкерлеріне ҚР ІІМ атынан және Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының атынан грамоталар мен алғыс хаттар тапсырылды. Сондай-ақ ІІО нышаны бейнеленген сағаттар тапсырылды және кезектен тыс атақ берілді.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
Нұр-Сұлтан қ.ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]