Елордалық полицейлер жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шараларды өткізуде.
Елорда көшелері мен қоғамдық орындарда, сонымен қатар қаланың көңіл көтеру мекемелерінің жанында, жаңа жыл мерекесі және корпоративтік банкеттер өткізу қарсаңында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер тұлғалармен мас күйде жасалатын құқық бұзушылықтарды алдын алу және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізуде.
Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзуды алдын алу, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу үшін көңіл көтеру мекемелеріне жақын орналасқан орындарды патрульдеуде. Қоғамдық орындардағы жағдайды бақылауды көздейтін іс-шаралардан басқа полиция қызметкерлері көңіл көтеру мекемелерінің әкімшілігі және күзет қызметімен үй-жайды бейнебақылау камераларымен жабдықтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылғы 23-25 желтоқсанда полиция қызметкерлері көңіл көтеру мекемесінен 102 арнасына келіп түскен шақыртуға барды. Нәтижесінде мас күйде топтасып төбелескен тұлғаларды ұстады.
Осылайша, топтасып төбелескені үшін елордалық дәмханалардың бірінен полиция басқармасына жәбірленуші мен төбелеске қатысқан 3 тұлға жеткізілді.
Бұдан басқа, полицейлер түнгі уақытта дәмханада ҚР ӘҚБтК 441-бабы 3- бөлігі бойынша (жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу) әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. Мекеме әкімшілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
[xfvalue_img]