Жәнібек аудандық сотында төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығының 1-бөлігінде «дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілді».
Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысымен қаулының 1.4. тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өте қажетті болмаса, ауыл/кент/қала бойынша адамдар мен жеке көліктің қозғалысына тыйым салынған. Бұдан тыс, аталған қаулымен туысқандарға, таныстарға, көршілерге, әріптестерге және т.б. баруға тыйым салынған.
Бірақ, карантин режиміне қарамай 02.04.2020 жылы досына барып, қоңған. Осымен шектелмей, 03.04.2020 жылы азамат М. кешкі уақытта ауыл ішінде себепсіз жүрген.
Аталған фактілер бойынша Жәнібек аудандық сотымен ӘҚБтК-тің 476-бабының 6) тармақшасымен әкімшілік іс қаралды.
Іске қатысушылардың және сот қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, азамат М., сот ғимаратына келмей, сот процесіне «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қатысты.
Cот отырысында азамат М. өз кінәсін толықтай мойындады. Бұны сот М.-ның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде таныған.
Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық төтенше жағдай жарияланған кезінде жасалғаң соң, сот бұл мән-жайды әкімшілік құқық бұзушылықтың жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде таныған.
Сот азамат М-ді ӘҚБтК-тің 476-бабының 6)-тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оны 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
А.Жамантаева
БҚО Жәнібек аудандық сотының төрағасы
[xfvalue_img]