Төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды
Әйтеке би аудандық сотында төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін азаматша С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта жеке кәсіпкер С. өзіне тиесілі азық-түлік дүкенінде Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 санды қаулысының тараптарын бұза отыра санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу талаптарын сақтамай, жауаптылықпен қарамай, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіре отырып, ұн өнімінен жасалған тағамдарын арнайы жапқыштармен бетін жаппай, ашық түрде тұрғызып сатылуына жол бергені, дезинфекциялық тосқауыл қоймай, санитарлық-дезинфекциялық шараларды өткізіп тұруды қамтамасыз етпегені анықталды.
Жеке кәсіпкер С-нің кінәсі сот отырысында тиісті құжаттармен, бейнежазбамен толық дәлелін тапты, жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып, сотпен С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 476-бабының 6) тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір тәулік мерзімге қамаққа алынды.
Сот қулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық
сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]