Төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды
Жаңақала аудандық сотымен аз. И.-ға қатысты төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2020 жылдың 26 наурызында сағат 15:30 шамасында ЖК «И»-ге тиесілі көлемі 2000 шаршы метрден жоғары болатын азық-түлік емес дүкені қызмет атқарып жатқан, осылайша ол «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жылғы жарлығы, «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа короновирустық жұқпаның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» БҚО бойынша бас мемлекеттік-санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 1-ПГВр қаулысының талаптарын орындамаған.
Сот отырысы барысында жауапқа тартылушы И. кінәсін мойындады.
Әкімшілік жаза тағайындаған кезде жауапқа тартылушы тұлғаның кінәсін мойындағаны жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Сонымен қатар, уәкілетті тұлғалардың құқыққа қайшы әрекетін тоқтату талабына қарамастан, ол бұндай әрекеттерін жалғастырғаны жауаптылығын ауырлататын мән-жай ретінде ескерілді.
Жасаған құқық бұзушылығы үшін ЖК «И» ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
А.Рыскалиева
Жаңақала аудандық сотының кеңсе бас маманы
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]