Нарколог-дәрігерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді
Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (одан әрі - ҚР ӘҚБтК) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға судьялар, аудандық прокуратура, аудандық және желілік полиция бөлімдерінің өкілдері және нарколог-дәрігерлер қатысты.
Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы А.Т.Анарбаев ағымдағы жылдың 11 қаңтарында заңды күшіне енген көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды атап кетті. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) енгізілген өзгерістерге назар аударды.
Бұдан басқа, куәландырылушының медициналық куәландыруден өту кезінде барлық құқықтарының сақталуына, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындыларымен келіспеген жағдайда олардың шағым жасау құқығының барын және оның сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін түсіндірді.
Іс-шара соңында сот төрағасы дөңгелек үстел қатысушыларының назарын медициналық куәландыру процедурасының ережелерін нақты ұстану қажеттігіне аударды.
[xfvalue_img]